Қазақстан Ауғанстанға көмек жөнелтті

Қазақстан Ауғанстанға 18 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Тиелген жүкте дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Гуманитарлық жүктің жолға шығуын Қазақстанның Денсаулық сақтау, Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер министрлігі және KazAID агенттігі қамтамасыз етті.

Бұл көмек Ауғанстанда болған жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмекке бағытталды. Сондай-ақ Кабул қаласына 13 қазақстандық дәрігер жіберілді. Олардың арасында хирург, нейрохирур, травматолог, жедел жәрдем және өзге де медицина мамандары бар. Ақ халаттылар зардап шеккен тұрғындарға Ауған жерінде медициналық көмек көрсетеді.