Қайырымды жандар марапатталды

Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясы атынан 35 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Олардың арасында көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен әлеуметтік мекемелер бар. 

Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта құны 304 миллион теңгеден асатын 500-ге жуық қайырымдылық және әлеуметтік бастама іске асырылды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қайырымдылық керуені» атты республикалық форумда сөз болды. Шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ал жыл көлемінде қайырымдылық шараларға атсалысқан белсенділер мен меценаттар «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2025 жылдың көлемінде «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында 305 млн теңге қаражат жиналды. Менің ойымша бұл өте жақсы көрсеткіш. Басты көрсеткіш – бұл қайырымдылық керуені бір реттік акция емес, бұл жылдан жылға осындай акция ретінде жалғасып келе жатыр. Бұл жерде өзіміздің концерттік бағдарламамыз бар, өзіміздің меценат азаматтарымызды марапаттау рәсімі бар.

Баян Жалмағанбетова, ҚХА жанындағы «Инклюзивті ассамблея» жобасының жетекшісі:

- Бұл жоба біздің ҚХА-ның үлкен қаруы – қайырымдылықпен айналысу. Бұл қайырымдылықпен этнобірлестіктердің азаматтары үлкен қолдау көрсетіп, үлкен қайырымдылықтар жасап келе жатыр. Үлкен қайырымдылық әсіресе ауылдық жерлерге жасалып жатады.