Шымкентте өрт қауіпсіздігі күшейтілді

Шымкентте де тұрғын үйлердегі өрт және газ қауіпсіздігі тексеріліп жатыр. Мамандар әр үйді аралап, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында анықталған олқылықтар бірден ретке келтірілді. Жауаптылардың сөзінше, қазір шаһарда өрт дерегі азамай тұр. Мысалы, жыл басынан бері тілсіз жау салдарынан сегіз адам көз жұмып, 12 адам түрлі жарақат алған. 

Нұрболат Педен, ТЖД басқарма бастығы:

- Электр құралдарын бақылаусыз қалдырмауды, әсіресе, ұялы телефондардың қуаттау құрылғыларын қойып, түнге ұйықтап қалуға болмайды. Одан кейін қазір бәріміз паурбанк дегенді пайдаланамыз, соны қосып таңға дейін қалдырып кетіп жатады. Одан кейін газбен жанатын қазандықтарды, пештерді пайдаланған кезде қауіпсіздік талаптарын сақтап, түтін құбырларын тазалатып тұру қажет. Қарап тұрсақ, қауіпсіздік талаптары қатты қиын емес. Соларды сақтауды сұраймыз.