Елдегі 37 гидротехникалық құрылысты жаңарту жоспарланған

Бүгінгі таңда елімізде 13 мыңнан астам гидротехникалық құрылыс бар, деп хабарлайды 24KZ. Оның 405-сі су қоймасы. Саланы дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 42 жаңа су қоймасы салынбақ. Тағы 37 құрылысты жаңғырту жоспарланған.

Қазіргі таңда Түркістан облысында Бәйдібек ата және Қарақуыс су қоймаларының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол сияқты Жамбыл облысындағы Ынталы, Батыс Қазақстандағы Киров және Алматы облысындағы Қапшағай су қоймалары жаңғыртудан өтіп жатыр.

Ал келер жылы Қызылорда облысында Қараөзек, Жамбыл облысында Қалғұты, Батыс Қазақстан өңірінде Үлкен Өзек су қоймаларының құрылысы басталады. Тағы 23 су қоймасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. 

Сонымен қатар Жамбыл облысындағы Теріс-Ащыбұлақ пен қарақоңыз су қоймаларында құрылыс-монтаж басталады.