Биыл елордада 100-ден аса зорлық-зомбылық фактісі тіркелді
Елордада биылдыққа 100-ден аса зорлық зомбылық фактісі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22% көп. Қылмыстың 37%-і мас күйде жасалған. Зардап шеккендердің 94%-і әйел.
Жанжалдың басым бөлігі жақын адамдар арасында болады. Яғни 100 істің 94%-і отбасында немесе бұрын бірге тұрған адамдар тарапынан жасалған.
Жалпы биыл Астанада «102» арнасына отбасылық жанжал бойынша 8 мыңнан астам шақырту түскен.