Қазақстандық ет өнімдеріне сұраныс артты

Тоғыз айда мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты 23 пайызға артып, тауар көлемі 196 млн долларға жетті. Әсірсе сиыр, қой, жылқы еті мен табиға бал өндірісі өркен жайып келеді. 

Айталық, әлемнің 66 мемлекетінде қазақстандық өнімдер сатылады. Оның ішінде, Иран, Түркия, Қытай секілді елдерде сұраныс жоғары. Дегенмен босаңсуға болмайды. Қазақстанның агросектордағы әлеуеті жоғары. Мұны Мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Жауаптылар алда Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығуға бейілді. Сондай-ақ қазіргі әріптес елдер арасындағы қатынасқа қарқын қосу қажет. 

Еркен Наурызбеков, «Атамекен» ҚР ҰҚП Агрөнеркәсіп кешені және тағам өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры:

- Бұл - мал басын көбейтудің маңыздылығын көрсетіп отыр. Осылай етсек, алда экспорт географиясын кеңейтіп, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік туады. Сондай-ақ жаңа жайылымдарды айналымға енгізуге мультипликативті әсер береді. Қазір пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған жерлер мемлекетке қайтарылып, оларды қайта айналымға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол жерлердің қайта айналымға түсуі үшін фермерлерге мал басын көбейтуге ынталандыру қажет.