Елімізде «Sarbaz+» жобасы іске қосылды
Жаңа жүйе мерзімді қызмет кезінде IT, телекоммуникация сияқты сұранысқа ие салаларда сарбаздарды машықтандыруға бағытталған.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің медициналық мониторинг жүйесін және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәселен, фитнес білезіктерін қолдану арқылы сарбаздардың медициналық жай-күйін бақылауға болды. Жоба Алматы облысындағы Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде пилоттық негізде басталды. Алда өзге де әскери құрылымдарда қолданылады.