Павлодарда қаланы қардан тазартып жатыр

Павлодарда көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласы қардан тазартылып жатыр. Коммуналдық сала қызметіне «AMANAT» партиясының өкілдері мен  еріктілер қолдау көрсетуде.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған игі шарадан тұрғындар да шет қалмады. Қолына күрек алып, аулалар мен ойын алаңдарын қардан тазартуға атсалысты. Бас-аяғы 30 көше тазартылды. Қазір коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қалада бірнеше күн қар толассыз жауып, біраз жерді басып қалған еді.

Әйгерім Бақыт «AMANAT» партиясының қалалық филиалының кеңесшісі:

 - Енді жалпы қазір қыс мезгілі, қар түсіп жатыр. Осы халықты далаға шығып қар тазалауға, аулаларды таза ұстауға шақырамыз. Қаламыз өркендей берсін. Бұл біз үшін өте маңызды.