Шымкентте тазалық акциясы өтті

Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтіп, жүздеген адам қаланы абаттандыруға үлес қосты. Барлық шағын аудандағы үйлердің ауласы ретке келтірілді. 

Қураған ағаштар кесіліп, арық-атыздар тазартылды. Экологиялық шараға коммуналдық сала жұмысшылары, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер мен тұрғындар қатысты. Биыл шаһарда 50 мәрте тазалық акциясы ұйымдастырылып, 47 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды. Игі шара алдағы уақытта да жалғасады.

Ербол Байқоныс, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары:

- Бүкіл қала аумағында өткізіліп жатыр. Барлығын тазалыққа шақыру мақсатында, тазаққа бейімдеу мақсатында жүргізіліп жатқан шара. Қар болса да, жауын-шашын болса да біз тазалықты басты назарға аламыз.