Каспийді қорғауға бағытталған шаралар

Каспий теңізі 2100 жылға қарай 21 метрге тартылуы мүмкін. Бұл туралы BioRxiv ғылыми порталы хабарлайды.

Бүгінде бірқатар ел айдынды сақтауға бағытталған түрлі шараларды қолға алып жатыр. Әзербайжан теңіз деңгейінің өзгерісін бақылау үшін жерсерігі мониторингі мен ғылыми зерттеулерді күшейтті. Сондай-ақ жағалау инфрақұрылымын жаңа жағдайға бейімдеу және порт аймақтарын қайта жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Ал Иран тарапы тұздану мен шөлейттенудің алдын алу үшін жағалау маңында бейімделу жобаларын іске асыруға кірісті. Елде су үнемдеу технологиялары енгізіліп, теңізге түсетін ластаушы қалдықтарды азайтуға басымдық берілген. Осы ретте мамандар Каспий мәселесін жеке елдердің емес, өңірлік деңгейдегі ортақ жауапкершілік ретінде шешу қажет дейді.