БҚО-да 4 адамның өлі денесі табылды
Батыс Қазақстан облысында 13-14 желтоқсанда боран кезінде жоғалып кеткен төрт адамның денесі табылды.
Табиғаттың тосын мінезінің құрбаны болғандар Жәнібек, Бөкей ордасы және Казталов аудандарының тұрғындары. Іздестіру жұмыстарына жүзден астам құтқарушы мен 30 техника, тікұшақ тартылды. Нәтижесінде Ақжайық ауданының 54 жастағы тұрғыны құтқарылды. Бірақ оның қол аяғы үсіп қалған.
Нұржан Қуанғали, БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Іздеу жұмыстары барысында 5 адамға қатысты дерек анықталып, бір азамат тірі табылып, медициналық көмекке жеткізілді.