«Заң мен тәртіп»: республикалық форум
Ақтауда «Psytalks» атты республикалық форум өтті. «Жасанды интеллект дәуіріндегі балалардың психологиялық әл-ауқаты» тақырыбында ұйымдастырылған шараға еліміздегі жетекші педагог-психологтар мен құқыққорғаушылар қатысты.
Форумда ата-ана және перзенті арасындағы байланысты нығайту, өскелең ұрпаққа ғаламтордан төнген қауіптің алдын алу жолдары талқыға түсті. Сарапшылар жасанды интеллектінің балалардың игілігіне ғана жұмыс істеуі үшін бақылау шараларын күшейту қажеттігін сөз етті. Айта кетсек, Маңғыстау облысында 159 мектепте 16 мыңнан астам оқушы оқиды. Білім беру ұйымдарында 277 психолог қызмет атқарады.
Ержан Мырзабай, отбасылық психолог:
- Бір мектепте 1000-2000 бала бар. 1-2 психолог бар. Олар кәдімгі диагностиканы құрастыру үшін қанша балаға қағаз жүзіндегі тесттерді таратады. Яғни тесттен «Маған психологиялық көмек керек», «Менде депрессия бар» деген баланы біз 1 айдан кейін ғана анықтап біле аламыз. Ал жасанды интеллект көмегімен не бәрі бірнеше секунд ішінде баланың берген жауаптарына сай олардың қаншалықты қауіпті топта екенін, тәуекел топта екенін анықтай аламыз. Оған дер кезінде көмектесуге мүмкіндік береді.