Ақмола облысында жастар экожоба ұсынды
Ақмола облысының Степняк қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл болашақ» сайысы өтті.
Онда оқушылар қоршаған ортаны таза ұстап, шағын шаһарларын көгалдандыруға қатысты экожобаларын ұсынды. Викториналық ойындар арқылы жастар қаланың таза келбетінің сызбасын жасап, көпшілікке таныстырды. Ал үздік атанған экожоба жергілікті әкімдік деңгейінде қарастырылып, қолдау таппақ. Жалпы Біржан сал ауданы бойынша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында соңғы екі жылда 200-ге жуық шара ұйымдастырылды.
Алуа Жақсылық, оқушы:
- Біз квест бойынша Степняк қаламыздың осы суреттерге байланысты қандай таза болу керектігін, қандай көгалдандыру жұмыстары жасалу керектігін бейнелейміз. Яғни бұл квесттерде біз қоқысты өндіру туралы және қоқыстарды жинақтау туралы ойындарды өткізіп, бүкіл саналы ұрпақтың экологиялық санасын ұжымдастырумыз қажет.
Миргүл Аяғанова, Біржан сал аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы:
- Осындай іс-шаралар экологиялық квест сияқты халық арасында, жастар арасында экологиялық мәдениетін қалыптастырып, осындай шарадан жастар өздеріне ой өріс алып, өздеріне оң нәрсе алады деп ойлаймын.