Сарбаздар жұмысшы мамандығын меңгереді
Таразда Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар жұмысшы мамандығын меңгеріп жатыр.
Биыл 50 жауынгер мамандық иесі атанды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында кадр даярлау бойынша арнайы бағдарлама бар. Яғни сарбаздар әскери дайындық пен оқуды қатар алып жүреді. Әскери техникаларды жөндеу қалпына келтіру базасында сарбаздардың 7 түрлі мамандықты игеріп шығуға мүмкіндігі бар. Мәселен, біз тұрған цехта жауынгерлер ауыр бронды техникаларды жөндеу арқылы механик мамандығын меңгереді.
01731 әскери бөлімі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери техника мен қару жараққа қызмет көрсетеді. Мұндағы мамандар бұзылған техника мен істен шыққан қару жарақты тез арада қалпына келтіріп отырады. Осы арада сарбаздарды да жұмысшы мамандықтарға баулиды. Механик кәсібін игеріп жатқан сарбаздардың бірі Данияр Бекежан. Оның негізгі мамандығы педагог болғанымен, әскери қызметке бала кезден қызықтым, - дейді.
Данияр Бекежан, сарбаз:
- Өзіме негізі танк жағы қызық болды. Оның ішкі құрылысы. Сол үшін мен бронды танкты жөндеуге, ішін көруге яғни үйренуге, жалпы сол туралы мәлімет ақпарат алуға осы цехқа жұмыс істеуге келдім. Егер 6 айдан кейін маған келісімшартқа ұсыныс түссе, онда міндетті түрде қаламын.
Жауынгерлердің арасында 6 ай әскери борышын өтеген соң, келісімшарт бойынша жұмыс істеп жатқандары да бар. Жетісу облысынан келген Елдос Садық колледжде электрик мамандығына оқыған. Қазір алған білімін тәжірибе жүзінде шыңдап жатыр.
Елдос Садық, слесарь:
- Қолымнан іс келгеннен кейін, өзімнің мамандығыма жақын болғаннан кейін осы әскерде жұмысқа қалдым. Әскери техникаларды бұзылып сынып келеді басқа бөлімдерден соларды жөндеп қалпына келтіріп уақытылы жіберіп отырамыз. Осы жұмыс қызмет атқарып жүрген сарбаздарға 6 айдан кейін кіруге өте тиімді деп ойлаймын. Себебі айлығың да жүреді шенің де өседі жалақың да болады.
Әскери техникаларды жөндеу және қалпына келтіру базасында сарбаздар техникалық қызмет көрсету, дәнекерлеуші, жүргізуші, электр және токарь мамандықтарын меңгере алады. Слесарь, техникалық қызмет көрсету және қару жарақ пен зымыран кешендерін жөндеу ісіне машықтанады. Арнайы оқу бағдарламасын білікті мамандар жүргізеді.
Шыңғыс Советбек, 01731 әскери бөлімінің батальон командирі:
- Жауынгерлік дайындық бойынша өздерін жақсы көрсеткен және жақсы ебі бар өзінің мамандығын игергеннің барлығын біз қызметке алып қалуға тырысып, оларға ұсыныс жасаймыз. Олардың сол қалғандары былтырғы сарбаздардың ішінен 9 сарбаз бізге келісімшарт бойынша әскери қызметші болып қалды.
Биыл әскери бөлімде 50 сарбаз оқыжы. Бөлім басшылығы әлі 42 бос орын бар дейді. Сондықтан әскер қатарында жүріп, мамандық меңгернісі келетін сараздарға мүмкіндік мол.
Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә