Қазақстандық колледждер: халықаралық стандарт пен жаңа мүмкіндіктер
Елде Қазақстан-Қытай кәсіби колледжі құрылады. Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған инновациялық білім беру шешімдерін әзірлеуге маманданған «KidsGo Technology Ltd» технологиялық компаниясымен әріптестік басталды.
Бүгінде еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер орын алуда. Енді отандық колледждер халықаралық білім кеңістігінде өз бәсекеге қабілеттілігін дәлелдемек. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде әлемнің сегіз елімен кәсіптік білім беру саласында 50-ден астам меморандум жасалды. Серіктестер қатарында Франция, Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония секілді дамыған мемлекеттер бар. Бұл ауқымды жобаға еліміздің барлық өңірлерінен 20-дан астам таңдаулы колледж тартылып отыр.