Елімізде 300 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Биыл елде 300 мыңға тарта адам жұмыспен қамтылды.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Субсидияланатын жұмыс орындарына 168 мың адам ораналасты. Оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 13 мың адам, жастар практикасында 29 мың адам еңбек етеді. Ал қоғамдық жұмыстарда 100 мыңға тарта адам бар. Сондай-ақ «Күміс жас» жобасы аясында 19 мың, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 6,9 мың адам, «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасы шеңберінде 315 адам жұмыспен қамтылды.
жұмыспен қамтылды - 296 мың
жұмысқа орналастырылды - 821,1 мың
субсидияланатын жұмыс орындарына - 168,3 мың:
әлеуметтік жұмыс орындары - 13,4 мың адам
жастар практикасы - 29,1 мың адам
қоғамдық жұмыс - 99,9 мың адам
«күміс жас» жобасы - 18,7 мың адам
«алғашқы жұмыс орыны» жобасы - 6,9 мың адам
«ұрпақтар келісімшарты» жобасы - 315 адам