Кейінгі 7 жылда ШОБ субъектілері 1,5 есе артты
Кейінгі 7 жылда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1,5 есе артты. Ал сектордың қосылған құндағы үлесі 25 пайызға өсті, деп хабарлайды 24KZ.
Осылайша, сала экономиканың негізгі тіректерінің біріне айналды. Сондай-ақ өндірілген өнім көлемі үш есе ұлғайып, 96 трлн теңгеге жетті. Осы бағытта жұмыспен қамтылғандар саны 36,7 пайызға артты. Бұл – Үкіметтің салық реформасы, әкімшілік қысымды азайту және цифрландыру мен қаржыландыру бағыттары бойынша жүргізген жұмыстарының нәтижесі.