Алматы тауларында 3 жігіттің денесі табылды
Алматы тауларында із-түссіз жоғалып кеткен екі жігіттің денесі табылды.
Кеше құтқарушылар бір адамның мәйітін теңіз деңгейінен 3700 метр биіктітегі «Локомотив» шыңының маңайынан алып түскен еді. Айта кетейік, үш жігіт 24 желтоқсанда тауға шығып, содан оралмаған. Хабар-ошар болмаған соң туыстары полицияға арызданған. Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі, республикалық жедел-құтқару жасағы, апаттық медицина орталығын қосқанда барлығы 100-ге тарта адам жұмылдырылды. 10-нан аса техника мен ұшқышсыз ұшу аппараттары жұмыс істеді. Марқұмдардың денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір қайтыс болғандардың жақындарына, психологтар мен медицина қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетіліп жатыр.