Алматыда мәслихат сайлауына дайындық жалғасып жатыр

Дауыс беру күні, яғни 29 қарашада қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар тізіміне 1 миллион 355 мыңнан аса азамат енді, деп хабарлайды 24KZ.


Бір мандаттық округтер бойынша 63 кандидат тіркелсе, төрт саяси партия өз тізімдерін ұсынған. Қазір сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту, тұрғындарды ақпараттандыру және учаскелерді дауыс беруге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға инватакси мен сурдоаудармашылар көмектеседі. Тұрғындар өздерінің сайлау учаскесін және тізімдегі деректерін арнайы онлайн-қызмет, Telegram-бот немесе 109 нөмірі арқылы тексере алады.

Сондай-ақ оқыңыз: