Жаңа жылды қайда қарсы аласыз? Сауалнама
Қызылордада Жаңа жылды қарсы алуға арналған басты концерттік бағдарлама арбат бойында өтеді. Бұл жерге қаладағы ең биік шырша орнатылып, безендірілді. Сонымен қатар оның маңайы түрлі диодты шамдармен көмкеріліп, тұрғындардың көңілді серуен құруына мүмкіндік жасалды. Ал қызылордалықтар Жаңа жылды қалай қарсы алады? Арна тілшісі тұрғындар арасында сауалнама жүргізген еді. Көрейік.