Былтыр мемлекетке 2,1 млн гектар жер қайтарылды

Елде былтыр 2,1 млн гектер жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өйткені аталған аумақ діттеген мақсатқа қолданылмаған. Осы себепті оны мерзімін бұрын мемлекетке қайта өткізу шешімі қабылданды. Президент игерусіз жатқан жерлерді рәсуа қылмау жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай елде республикалық комиссия құрылып, өңір-өңірде кеңселер жұмысын бастады. Нәтижесінде 2022 жылдан бері 14,3 млн гектар аумақ мемлекетке қайтарылды. Аталған жұмыстың ашықтығына «Amanat» партиясы атсалысып, бақылау жүргізеді.