Маралдыдан тағы бір аққу табылды

Павлодар өңірінде тағы бір аққу табылды. Бұл қызыл кітапқа енген - сұңқылдақ аққу.

Құсты Шарбақты ауданына қарасты Маралды ауылының тұрғыны тауып алған. Аязды күні ұша алмай жүрген аққу қазір Павлодар ауылындағы зообаққа тапсырылған. Естеріңізде болса, өткен айда ғана осы Павлодар облысы, яғни Баянауылдан қос аққу табылып, оны жергілікті тұрғын бағып-қағып кейін зообаққа тапрсырған еді. Қазір ол екі аққу да, жаңадан табылған сұңқылдақ та ортаға бейімделіп, емін-еркін тіршілік кешіп жатыр. Көктемге дейін арнаулы мамандардың күтімінде болады.