Астанадағы әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Астанадан Шымкент пен Қостанай бағытына ұшатын әуе кемелерінің рейсі кешіктіріліп жатыр. Сондай-ақ Астанаға ұшып келуге тиіс жеті рейстің уақыты шегерілді. 

Бұл – әуе компанияларының қауіпсіздік мақсатында қабылдаған шешімі. Десе де Елордадағы халықаралық әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Әуе кемелерін қабылдау мен ұшыруға, және әуежай инфрақұрылымына жауапты қызметтер жұмысында іркіліс жоқ.