7 қаңтар – Рождество мерекесі
Рождествоны православ христиандары ерекше атап өтеді.
Олар мерейлі мезетті Иса Мәсіх пайғамбардың дүниеге келуімен байланыстырады. Алайда екі мың жылдық тарихы бар бұл мейрам бүгінде тек діни ғана емес, сонымен қатар отбасы мен жақын жандарды біріктіретін айтулы күнге айналған. Әлемнің түкпір-түкпірінде адамдар шыршаларды безендіріп, шамдар жағып, мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырады. Тұрғындар бір-біріне сыйлық ұсынып, мұқтаж жандарға көмектесуге асығады.