Шымкентте көз жұмған сарбаздың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте қайтыс болған сарбаздың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл жайлы Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің Шымкент қаласындағы ауруханада қайтыс болу фактісі бойынша Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.