Биыл 1,6 мың шақырым шойын жол жөнделеді
Биыл елімізде 1,6 мың шақырым шойын жол жөнделеді.
Ал былтыр жалпы теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Айталық, өткен жылы 1,5 мың шақырым теміржол жаңғыртылған. Сонымен қатар тасымалдау көлемі шамамен 318 млн тоннаға жетті. Ал биыл тасымал көлемі 327 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Осылайша теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Одан бөлек 236 локомотив, 1,4 мыңнан астам жүк және заманауи 191 жолаушы вагонын жеткізу жоспарланып отыр. Бұл көлік қызметтерінің сенімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсарта түспек.
Теміржол саласы рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
2025 жыл - 1,5 мың шақырым жол жөнделді
2026 жыл - 1,6 мың шақырым жол жөнделеді
2025 жылғы тасымалдау көлемі - 318 млн тонна
2026 жылы тасымал көлемі 327 млн тонна