Елде цифрлық инфрақұрылым нығайды

Былтыр отандастарымызға eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы 54 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Осылайша, цифрлық шешімдердің тиімділігі көрсетілді. Сондай-ақ 2606 ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қосылған. Биыл тағы 1900 елді мекенге интернет қосылады. Сондай-ақ өткен жылы Алматы мен Астанада қуаты 7,4 МВт болатын екі жаңа деректерді өңдеу орталығы пайдалануға берілді. Осы жылы жиынтық қуаты 12,9 МВт болатын тағы үш ұқсас деректер орталығын іске қосу жоспарда бар. Бұл цифрлық инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік бермек. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, отандық IT-қызметтер экспортының көлемі шамамен $1 млрд-қа жеткен. Мәселен, өткен жылы цифрландыру және жасанды интеллект саласында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылды. Заңнамалық база жасалды. АLEM.AI ұлттық жасанды интеллект орталығы іске қосылды.

2025 жылы

eGov Mobile қосымшасы арқылы - 54 млн қызмет көрсетіді

2606 ауыл интернетке қосылды

Алматы мен Астанада - 7,4 МВт жаңа деректерді өңдеу орталығы бар

2026 жылы

1900 ауыл интернетке қосылады

12,9 МВттық үш деректер орталығы іске қосылады

ІТ қызметтер экспорты 

$1 млрд жеткен

АLEM.AI ұлттық жасанды интеллект орталығы іске қосылды