Қызылорда облысында күн электр станциясы іске қосылды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында жаңа күн электр станциясы іске қосылды. Энергетикалық нысан 40 мегаватт электр энергиясын өндіреді.

Инвестициялық жоба аясында 80 гектар жерге 5 мың 600 күн панелі қойылды. Сонымен қатар қосалқы станция мен тоқ кернеуін ұлғайтатын трансформатор орнатылған. Бұл жерде өндірілген жарық орталық желіге беріледі. Мамандар аймақта энергия тапшылығының алдын алу үшін баламалы энергия көздерін дамыту маңызды екенін айтады. Бұл жоба биыл да жалғасын таппақ. Оның аясында тағы 20 мегаватт электр энергиясын өндіретін күн электр станциясын салу жоспарланып отыр. 

Мәди Қырықбаев, Күн электр станциясының бастығы:

- Күннен алған энергия бірден желіге беріледі. Сол арқылы халыққа, тұтынушыларға тарайды. Бұл енді желіге берілген соң әрбір үйге, сіздің үйіңізге де, біздің үйімізге де жарық береді. Бұл жобаның жалпы құны 11,5 миллиард теңге.