Елде заңсыз call-орталықтар жабылды
Елде де онлайн алаяқтармен күрес шаралары күшейтілді. Былтыр қазақстандық полицейлер ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, 19 млн-нан астам жалған қоңырауды бұғаттады.
Алаяқтар өзге мекеме қызметкерлерінің атын жамылып, тұрғындардың қаражатын жымқырмақ болған. Дәл осындай қылмыстық топ құру және басқару деректеріне қатысты 6 рет іс қозғалған. Солардың бесеуі трансұлттық сипатқа ие болып шықты. Күдіктілерден 100 мыңнан астам SIM-карта және 88 SIM-box құрылғысы тәркіленді. Сонымен қатар ел аумағында заңсыз жұмыс істеген 6 call-орталықтың қызметі тоқтатылды. Ал шетелде орналасқан дәл осындай тағы 7 нысан жойылған.
Онлайн алаяқтармен күрес
19 млн қоңырау
6 қылмыстық іс
5 трансұлттық қылмыстық топ
Ел аумағында 6 call-орталық
Шетелде 7 call-орталық