Ұшақтар Иранның әуе кеңістігін айналып өтеді
Араб елдеріне саяхаттайтын жолаушылар рейс кестесін қайта тексергені жөн. Өйткені Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты Air Astana компаниясы кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің маршрутын өзгертті.
Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға бағытталған ұшақтар Иранды айналып өтеді. Сондықтан әуе компаниясы жолаушылардан рейс уақыттарын мұқият тексеруді сұрап отыр. Ол үшін брондау және ақпарат орталығы жұмыс істеп тұр. Экрандағы байланыс нөміріне хабарласып, қосымша ақпарат ала аласыздар.