Еуропа тыңайтқыш өндірісін қысқартты

Еуропада тыңайтқыштар өндірісі қысқарды, деп хабарлайды 24KZ.

 Бұған көгілдір отынның қымбаттауы түрткі болды. Файненшел Таймс ((Financial Times)) басылымының дерегіне қарағанда, кәрі құрлықта аммиак шығару 5 млн тоннаға кеміген. Бұл бүкіл Еуропа өндірісінің 30 пайызы. Тыңайтқыш жасаудың негізгі шикізаты - аммиак. Ал оны шығару үшін газ қажет. Ирандағы соғыс басталғалы көгілдір отынның бағасы 3 есе шарықтады. Тиісінше кәсіпорындардың шығыны да еселенді. Сондықтан кей кәсіпкерлер өндірісті тоқтатуға мәжбүр.

Сондай-ақ оқыңыз: