Отандық өндірушілердің теміржол шығындары өтеледі

Енді отандық кәсіпорындардың теміржол тасымалына жұмсаған шығындары мемлекет тарапынан өтеледі. Өтемақының ең жоғары мөлшері 43 млн теңгені құрайды. 

Тасымал шығындарының 50%-на дейін жабуға болады. Тек, бұл кәсіпорындар басымдық берілетін, өңделген тауар өндірісін дамытуы тис. Жаңа шара жергілікті өндірушілердің көлік шығындарын азайтып, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандырады. Айта кетерлігі, бұған дейін елде ішкі теміржол тасымалдарында мемлекеттік қолдау шаралары қолданылмаған. Сонымен қатар, халықаралық өнімді сертификаттау шығындарын өтеу көлемі бес есе ұлғайып, 65 млн теңгеге жетті. Халықаралық сертификаттардың болуы қазақстандық компанияларға трансұлттық құрылымдардың тендерлік рәсімдеріне қатысуға мүмкіндік береді.