Ақтауда борышкерлерге қылмыстық іс қозғалды
Ақтауда табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған 19 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тағы 52 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Қадағалаушы орган былтырдан бері борышкерлерден 280 млн теңге өндіріп алды. Бұдан бөлек, айыппұлдар, мемлекеттік баж салығы және өзге де салықтық берешектерді қосқанда 108 млн теңге республика бюджетіне түсті.
Олжас Айтуар, Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім бастығы:
- Борышкерлердің төрт автокөлігі тәркіленді. Сондай-ақ бір пәтер тәркіленді. Осы екі көліктің біреуі екеуі сауда-саттық арқылы сату арқылы мына берешектерін өтесе, ал қалған екі көлікті басқа да берешектің сомасын өтеу арқылы өндіріп алушылардың есебіне жазылған кездер болды.