Еліміздегі жәдігерлер ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға лайық
Елде танымдық әрі тағылымдық мәні зор тарихи орындар мен құнды жәдігерлер аз емес.
Таза ағаштан салынған Жаркент мешіті соған мысал. Ұлы даланың әрбір тау-тасы да халқымыздың сан ғасырлық жылнамасынан сыр шертеді. Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы осылай деп, мұндай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деді. Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы министрлікке осы мәселеге қатысты жұмысты қолға алуды тапсырды.