Міндетті таңбалау заңсыз айналымның жолын кесті
Елде 7 тауар тобы міндетті таңбалауға жатады. Жүйе осыдан 6 жыл бұрын іске қосылған. Содан бері 9 млрд-тан астам таңбалау коды жасалды, деп хабарлайды 24KZ.
Тағы 10 тауар түрі міндетті таңбалауға алынады
2029 жылға дейін міндетті таңбалауға жататын тауар тізімі 17-ге жетеді. Яғни өндірушілер мен сатушылардың өзі нарықтағы адал бәсекеге мүдделі. Міндетті таңбалау тұтынушының түпнұсқа тауар алуына кепілдік береді. Сол себепті Naqty Onim мобильді қосымшасын пайдаланушылар қатары артып жатыр. Бүгінге дейін көпшілік Data Matrix кодын 2 млн 200 мың мәрте сканерлеген. Сол арқылы тауардың атауы, өндірушісі, сипаттамалары мен код мәртебесін айқындауға мүмкіндік алды. Tañba тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай операторының бас директоры Бикеш Құрманғалиева сәйкессіздік те анықталып жататынын айтады. Тұтынушылардың дер кезінде хабарлауының арқасында нарықтағы ашықтық қалыптасып келеді.
Бауыржан Мырзатаев, «Tañba» тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай операторының жоба жетекшісі:
– Қазіргі уақытта 7 тауар тобы міндетті таңбалауда, 10-нан аса тауар тобы міндетті таңбалау енгізу сатысында. Таңбалау өндірушілерге де өте үлкен пайдасы бар. Олар мобильді қосымша арқылы өзінің тауарын контрафактілік түрде табатын болса, сол тауарды сканерлеп, заңсыз айналымнан шығаруға өз күшін білдіре алады.
Міндетті таңбалау заңсыз айналымның жолын кесті
Міндетті таңбалау жүйесі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге де көмектесіп жатыр. Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, азаматтарға тегін берілуі тиіс препараттардың дәріханаларда заңсыз сатылғаны анықталған. Сондай-ақ киік мүйізінен алынатын өнімдерді таңбалау олардың заңды айналымын бақылауға мүмкіндік берді. Пайдаланушылардан түскен хабарламалар географиясын Naqty Map сервисінен көре аламыз. Онда заңбұзушылық орын алуы мүмкін сауда орындары көрсетіледі. Бұл да көлеңкелі экономиканың азаюына жасалған қадамдардың бірі.
Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрілігі фармация комитетінің төрағасы:
– Жалпы 2024 жылдан бастап дәрілік заттарды таңбалау жүйесі енгізіліп, қазіргі таңда осы жүйе арқылы бір миллиардтан астам дәрі-дәрмек таңбаланды. Осы кезеңде, атап айтқанда, биыл 800-ден астам дәріхана мен медициналық ұйымның қызметінде таңбалау жүйесі арқылы түрлі заңбұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты тиісті тексерулер ұйымдастырылады. Бұл жүйенің басты мақсаты – медициналық ұйымдарға бармай-ақ, цифрлық таңбалау жүйесінің көмегімен түрлі заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік беру.
Міндетті таңбалау заңсыз айналымның жолын кесті
Міндетті таңбалау жүйесі әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге де көмектесіп жатыр. Сауда және интеграция вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, азаматтарға тегін берілуі тиіс препараттардың дәріханаларда заңсыз сатылғаны анықталған. Сондай-ақ киік мүйізінен алынатын өнімдерді таңбалау олардың заңды айналымын бақылауға мүмкіндік берді. Пайдаланушылардан түскен хабарламалар географиясын Naqty Map сервисінен көре аламыз. Онда заңбұзушылық орын алуы мүмкін сауда орындары көрсетіледі. Бұл да көлеңкелі экономиканың азаюына жасалған қадамдардың бірі.
Бауыржан Жүсіпов, ҚР Денсаулық сақтау министрілігі фармация комитетінің төрағасы:
– Жалпы 2024 жылдан бастап қазір миллиардтан астам дәрі-дәрімекке таңбалау жүйесі енгізілді. Осы жылдар аралығында қазіргі таңда осы жылы 800ден астам дәріхана болсын немесе медициналық ұйымдарда осы таңбалау жүйесі арқылы әртүрлі заң бұзушылықтарды анықтадық. Сол бойынша біз тиісті тексерулерді анрайы ұйымдастырамыз. Бұның ең басты мақсаты – медициналық ұйымға бармай-ақ, өзіміз цифрлық таңбалау жүйесі арқылы әртүрлі заң бұзушылықтарды анықтай аламыз.
Саудадағы «көлеңкелі экономика» төмендеді
Иә, елде экономиканы «көлеңкеден» шығару үдерісі жалғасып жатыр. 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарға сай, биылғы көрсеткіш 14,5%-ға, ал 2028 жылы 13,8%-ға дейін төмендеуі тиіс. Әрине, әр салада жеке-жеке жұмыс жүріп жатыр. Мәселен, саудада кейінгі 5 жылда бірқатар реттеуші жаңашылдық енгізілген. Соның ішінде онлайн-кассалар мен тауарларды таңбалау жүйесі бар. Электрондық сауданың қарқынды дамуының арқасында саладағы бақыланбайтын экономиканың үлесі екі есе қысқарған.
Расында, тауарларды міндетті таңбалау басталғалы темекі өнімдері және аяқкиім айналымынан түскен түсім еселеп өсті. Ең бастысы, қарапайым тұтынушы алып отырған өнімінің сапалы әрі қауіпсіз екеніне сенімді бола алады. Өйткені өндірушіден, сауда орнына дейінгі жолын бақылауға мүмкіндік бар. Келешекте азаматтар киім-кешек, зергерлік бұйымдар, опа-далап және тұрмыстық химия өнімдерін тексере алады.