Салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысы таныстырылды
Үкімет басшысы салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысты.
Мұндағы байланыс орталығына қаңтар басталғалы 135,5 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Тәулік бойы операторлар орта есеппен 13-14 мың өтініш қабылдап, қызмет көрсетеді. Олардың 7 мыңға жуығы салық реформасы, әлеуметтік төлемдер және тағы да басқа мәселелерге қатысты сұрақтар. Қажет болған жағдайда азаматтар мен бизнестің қоңыраулары мен хабарламалары жүйелік шешімдерді талдау және қабылдау үшін тиісті бөлімшелерге жіберіледі. Премьер-министр салық реформасы барлық өзгеде жаңашылдықтар сияқты қиындықтар мен жаңа сын-қатерлерге толы болатынын атап өтті. Соған қарамастан, Қазақстанда іскерлік белсенділік артып келе жатқанын мәлімдеді. Нысанды аралау барысында үкімет басшысы қаржы министрлігіне электрондық қаржы орталығын одан әрі технологиялық жаңғыртуды тапсырды. Азаматтардың өтініштерін барлық байланыс арналары арқылы өңдеу қуаттылықтарын арттыру үшін қажетті барлық жағдайды қамтамасыз ету керектігін айтты.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
- Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кедендік әкімшіліктендіруді жаңа цирфрлық архитектурасына көшуді аяқтады. 12 жүйе 5 жаңа цифрлық платформаға ауыстырылды. Мақсат – цифрландыру рәсімдерді жеңілдендіру адал бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға және бұзушылықтарды бақылауды күшейтуге бағытталады. Енгізу кезеңінде техникалық қиындықтар туындады. Бұл көптеген пайдаланушылардың бейімделуіне байланысты болды.