Қостанай облысында астық тұқымын сапалы етіп алғандарға субсидия беріледі
Биыл Қостанай облысында элиталық және бірінші репродукциялық астық тұқымын сатып алатын шаруашылықтарға 3,6 миллиард теңге субсидия беріледі.
Бұл былтырға қарағанда біршама көп. Демеу қаржының есебінен сатып алынған тұқым құнының 70 пайызы өтеледі. Бұл егін өнімділігін арттыруға үлкен сеп, дейді мамандар. Ал өңірде жоғары өнімді тұқымнан тапшылық жоқ. 55 шаруашылық осы бағытта жұмыс істейді. Оның төртеуі жаңа, ал 19-ы элиталық тұқым шығарады. Қалғаны бірінші репродукциялық тұқым өсірумен айналысады. Биыл облысқа өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 30 миллиардтан астам теңге бөлінді.
Кенже Жұмандықов, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
- Егіс науқанын жүргізуге ауыл шараушылықтары 514,2 мың тонна тұқым дайындады. Бұл қажеттіліктің 100 пайызын құрайды. Және күзгі кезеңде барлық құйылған тұқымдар өңгіштігін анықтауға сараптамадан өтті. Барлық тұқым жарамды болып табылды. Бізде облыста 5 мынан артық шаруашылықтар болса,оның төрттен бірі осы элиталық тұқымдарды пайдаланады.