Курорттық аймақтарда әуежайлар бой көтереді
Биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарындағы әуежайлардың құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.
Ал Алакөлге аттанатын пойыздардың саны артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Бұдан бөлек, ол Вена және Рим бағытындағы рейстерді қосқанда 15 жаңа халықаралық маршрут ашылатынын жеткізді. Ал теміржол тасымалындағы парк 191 жаңа вагонмен толығады. «Жазда қосымша маршруттар іске қосылады», - деді ведомство басшысы.