Астана әлемдегі ең ақылды 50 қаланың қатарына кірді

Smart Centres Index 2025 жаһандық индексінде 46-орынға көтеріліп, бірден алты сатыға жоғарылады. 

Халықаралық рейтингте Сан-Франциско көш бастап тұр. Тізімді артынша Цюрих, Лондон, Оксфорд қалалары жалғайды. Алғашқы бестікті Нью-Йорк түйіндеді. Ел астанасы Прага, Варшава, Будапешт, Лиссабон, Мәскеу сынды алып шаһарларды басып озды. «Мұндай нәтижеге қол жеткізуге цифрлық инфрақұрылымның қарқынды дамуы және Smart City Astana платформасының іске қосылуы ықпал етті», - дейді Астана Халықаралық Қаржы Орталығының өкілдері. Бұл жүйе қалалық желілерге түсетін жүктемені болжауға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға зор мүмкіндік.