Балалар құқығын қорғау шаралары

Былтырдан бастап еліміздің білім беру жүйесінде «ДосболLIKE» антибуллингтік бағдарламасы іске асуда.

Жоба қазірдің өзінде ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, балаларға қатысты қылмыстық құқықбұзушылықтар саны 2,3%-ға, ал кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар 17,9%-ға азайған. Жалпы мектептегі баланың мінез-құлын бақылау, буллингті болдырмау шаралары «Қазақстан балалары» тұжырымдамасында айқындалған.