Қостанай облысында қысқы спорт түрлері кәсіби тұрғыда дамып келеді
Қостанай облысында қысқы спорт түрлерімен кәсіби тұрғыда мыңға жуық адам айналысады.
Оның ішінде әсіресе шорт-трек, конькимен жүгіру және шаңғы тебу жақсы дамыған. Қысқы Олимпиада ойындарында еліміздің туын ұстап шығатын шорт-трекші Денис Никиша да Қостанайдың тумасы.
Ұстаз-бапкер Ольга Сағынбаева кезінде дүбірлі додаларда ел намысын қорғаған халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Бүгінде ол №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде шәкірт тәрбиелеп жүр. Бапкердің айтуынша, қысқы спорт түрлеріне қазір жастардың қызығушылығы басым.
Ольга Сағынбаева, шаңғы спорты бойынша ұстаз-бапкер:
- Жылдан жылға материалдық база жақсарған сайын, шаңғы спортымен айналысуға ниет білдірушілер көбейіп келеді. Оның үстінде қос жерлесіміздің жақында басталатын олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алуы,жастарды тіптен ынталандыра түсті. Біздің спорт мектебінде ғана 200-ге жуық бала кәсіби тұрғыда шаңғы спортымен шұғылданады.
Он төрт жастағы егіз қыздар Арина мен Дашаның шаңғыға тұрғанына төрт жыл болыпты. Қазір екеуі де спорт шеберлігіне үміткер. Республикалық жарыстың жеңімпаздары. Армандары олимпиада шыңын бағындыру.
Даша Назарова, шаңғышы:
- Арманым үлкен жарыстарда бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көріну. Олимпиадаға қатысатын қостанайлық қос шаңғышыға сәттілік тілеймін. Жалпы бұл спорт түрінен еліміз әлемде бірінші болғанын қалаймын. Соған күш саламыз.
Қостанайда қысқы спорт түрлерінің шеберлерін дайындайтын негізгі мектеп осы. Мұнда хоккей, шаңғы, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, керлинг және мәнерлер сырғану сияқты 7 бөлімше жұмыс істейді. Оларда барлығы мыңға тарта бала қамтылған. Конькимен жүгіруден әлем чемпионы Денис Кузин, атақты шорт-трекші Денис Никиша осы мектептің түлектері.
Любовь Кулешова, №3 балалар және жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары:
- Бұл спорт-мектебінің құрылғанына 20 жыл болды. Осы аралықта 10-нан астам біздің түлектеріміз Олимпиада ойындарына қатысты. 50-ден астам халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерін дайындап шығардық. Ал енді спорт шеберлерінің саны одан екі есе көп.
Мағауия Қалиев, тілші:
- Алдағы жексенбі күні қысқа олимпиада ойындарына қатысатын қостанайлық спортшылар Наиль Башмаков и Виталий Пухкалоны қолдау мақсатында шаңғы фестивалі ұйымдастырылмақ. Оған шамамен 2 мыңға жуық адам қатысады деп күтілуде.
Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг