«Халықтық құрылыс» инфрақұрылымды дамытады
Қостанай облысында соңғы үш жылда 100-ден астам әлеуметтік нысан салынды, деп хабарлайды 24KZ.
Осы аралықта жаңадан 10 мектеп, 15 балабақша, 35 медициналық мекеме бой көтерді. Президент Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы еліміздің инфрақұрылымын дамытуға тың серпін береді. Көпшіліктің пікірі осыған саяды.