Енді ипотека пайызын қарыз алушы өтейді
Осы айдан бастап зейнетақы жинағыңыздағы қаражат ипотеканың пайызын емес, негізгі қарызын азайтуға жұмсалады. Тұрғын үй мәселелері саласындағы өзгерістер осындай.
Мамандар келтірген мысалға сүйенсек, ипотека бойынша ай сайынғы төлеміңіз 74 825 теңге делік, оның 6 175 теңгесі – пайыздар, ал 65 699 теңгесі – негізгі қарыз саналады. Бұған дейін барлық соманы зейнетақы есебінен өтеуге болатын еді. Жаңа ережеге сәйкес 6 175 теңге көлеміндегі пайыздарды енді өзіңіз өтейсіз.