Цифрлы жүйені қаншалықты жиі қолданасыз? Сауалнама

Сіз онлайн қызметтерді қаншалықты жиі қолданасыз? Цифрлы жүйені пайдалану кезінде қандай қиындықтар болады?

Тілшілеріміз осы сауалдарды қала тұрғындарына қойып көрді.

Сауалнама:  

- «Егов туралы айтсақ, иа, мысалы, бір ауруханаға өзіме керек құжатты аламын».

- «Мен Турцияда оқыдым, бірақ ол жақта біздегідей цифрландырылмаған. Ол жақта барлық құжатты өзіңмен алып жүреді. Ол бір жағынан ыңғайсыз. Себебі керек кезде сенде құжат болмай қалса, сен ол жерге қайта баруың керек болады. Бізде бір жақсы жері өзімізбен  әрдайым телефонымыз да жүреді. Бірақ кішкене цифрлық колданбаларды ашу қиындық тудырады кейде. Мысалы, ЭЦП ключьті ұмытып қалсаң, қайтадан жасау керек деген секілді».

- «Иә, жиі қолданамыз, қазір ыңғайлы. Бұрыңғыдай барып келудің қажеті жоқ. Үйде отырып-ақ мысалы мемлекеттік көлікке нөмір бересің. Басқа да қызметтерді үйде отырып атқара беруге болады. Ыңғайлы өте».

- «Бізде өте жақсы, маған ұнайды, өте жақсы. «Күнделік.кз» балаларға арналған сайты бар. Пайдаланамыз. Әйтеуір қазір шыққан сайттарды пайдаланып жатырмыз».