Елдегі бірнеше әскери бөлімде Ашық есік күні өтті
Шараға 4 мыңнан астам ата-ана қатысты. Олар Отан алдындағы борышын өтеп жүрген балаларының әскердегі жағдайымен танысуға мүмкіндік алды.
Мәселен, Елордадағы әскери бөлімде келушілер үшін қару-жарақ пен әскери техника көрмесі өткізілді. Сарбаздар саптық дайындық пен қоян-қолтық ұрыс элементтерін көрсетті. Ал Ақтау гарнизонында 400-ден астам қонақ әскери-теңіз күштерінің әлеуетімен танысты. Теңіз жаяу әскерлері бригадасында спорттық жарыстар өтіп, десантшылар парашютті қолдану барысын көрсетті. Сондай-ақ ата-аналарға әскери тәртіп пен қауіпсіздік шаралары таныстырылды. Іс-шара барысында олар казармаларды аралап, сарбаздардың тұрмыс жағдайына куә болды.
Айнұр Сабирова, мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің ата-анасы:
- бізге барлығын таныстырды. Кереметтей жағдай жасалған екен. Баламның алдағы уақытта осы жерден жақсы әскердегі, Отан алдындағы борышын өтеп шығады деген үміттеміз. Ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізіп жатқанына ризамыз. Осындай күндер жиі бола берсін деген ойдамыз. Сонымен қатар басшылыққа үлкен алғысымды айтамын.