Олжас Бектенов: Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат

Жаңа Конституция жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат.

Премьер-министр Олжас Бектенов ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңесте осылай деді. Отырысқа Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты. Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Талқылау барысында ғылыми ортаның өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдап пікір білдірді. Ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде шоғырландыру жөніндегі бастамалар ерекше атап өтілді. Сондай-ақ өңірлердің ғылыми-инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі ұсыныстары тыңдалды.