Qonaev Media телеарнасының техникалық мүмкіндігі таныстырылды

Алматы облысының әкімі Qonaev Media телеарнасының кеңсесіне барып, аппараттық-студиялық кешенмен танысты.

Іс-шара барысында телеарнаның техникалық мүмкіндіктері көрсетіліп, телевизиялық контент дайындаудың толық үдерісі көрсетілді. Түсірілімнен бастап бағдарламаларды эфирге шығару және цифрлық платформаларда жариялау жайы баяндалды. Алматы облысының әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы маңызды екенін атап өтіп, телеарнаның техникалық мүмкіндіктеріне оң баға берді. Жиында Qonaev Media телеарнасының директоры Кымбат Хангельдина телеарнаның жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы айтты. 

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

- Аймағымыз үшін маңызды, тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Өңірлік жаңа телеарнаның ашылуы, бір ғана медиа алаңның іске қосылуы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастыруға, ашық диалог орнатуға және өңір дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған салмақты қадам. Жаңа телеарна өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бастамалар мен әлеуметтік экономикалық жобаларды кеңінен насихаттауға, тұрғындардың ұсыныс пікірін ашық жеткізуге мүмкіндік береді.