Орталық сайлау комиссиясының төрағасы жас сайлаушылармен кездесті
Бұл шара Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылды.
Айтулы күн ақпан айының алғашқы бейсенбісінде аталып өтеді. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматыдағы Қонаев университетінде болып, студенттердің сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында қатысушылар кадрлық резерв, кандидаттарға қойылатын талаптарды сұрап білді. Қазір елімізде 248 жас сайлаушылар клубы жұмыс істеп тұр. Осындай шаралар жастардың құқықтық және электоралдық мәдениетін арттыруды көздейді.
Айгүл Қалықова, Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы:
- Мұндай шаралар жастардың сайлауға қатысуын ынталандыру үшін керек. Сайлаудың мақсатын, неліктен қатысу керектігін, оның қаншалықты маңызды екенін анық түсіне бастайды. Осының бәрі олардың болашағы үшін қажет. Бүгін жиынға 400-ге тарта адам қатысты. Диалог барысында еліміздің сайлау жүйесін дамытуға қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Аманжол Рабатов, университет студенті:
- Сайлаушылардың бірі болып табылғандықтан, ең бірінші көмек беретін және оның жұмысын атқатартын – Орталық сайлау комиссиясы. Біз оның жұмысымен танысып болашақта өзімізге керек нәрселерді құқықтық нормалар жағынан ала аламыз деген ойдамын.