Әлемдік тәжірибе: овербукинг үшін төлемақы
Енді шетел тәжірибесіне көз жүгіртсек.
Овербукинг үшін Еуроодақ елдерінде жолаушыға 250-ден 600 еуроға дейін өтемақы беру және балама билетпен қамтамасыз ету көзделген. Ал, АҚШ-та бұл көрсеткіш 775 доллардан мың жарым долларға дейін барады. Бұған қоса, билет саны жолаушы санынан асқан жағдайда, өз рейсінен ерікті түрде бас тартқан жолаушыға әуе компаниясы 10 мың долларға ваучер ұсынатын көрінеді. Ал Қытай және Ресей елдерінде рейске кіре алмаған жолаушыға біздегідей ваучер беру тәжірибесі енгізілген. Егер рейс 8 сағатқа дейін кешіктірілсе, Қытайда 400 юань көлемінде, ал Ресейде жолаушыға әр сағатына 100 рубль көлемінде төлемақы қарастырылған.
ОВЕРБУКИНГ ҮШІН ЖОЛАУШЫҒА ТӨЛЕНЕТІН ӨТЕМАҚЫ:
ЕУРООДАҚ елдері – €250-600
АҚШ – $775-1550
$10 000 ваучер
ОВЕРБУКИНГ ҮШІН ЖОЛАУШЫҒА ТӨЛЕНЕТІН ӨТЕМАҚЫ:
ҚЫТАЙ/РЕСЕЙ – ваучер
РЕЙС КЕШІГУІ БОЙЫНША ТӨЛЕНЕТІН ӨТЕМАҚЫ:
ҚЫТАЙ – 8 сағ. дейін - ¥400
РЕСЕЙ – әр сағатына ₽100