Колумбия мен АҚШ Ақ үйде келіссөз жүргізді
АҚШ және Колумбия президентті Дональд Трамп пен Густаво Петро Ақ үйде келіссөз жүргізді.
"Рейтердің" хабарлауынша, тақырып өзегі Венесуэладағы жағдай болған. Петро, Колумбияның "Эко Пет-роль" мемлекеттік компаниясын көршісіндегі энергетикалық секторды қалпыгна келтіру жұмысына тартуды және Венесуэла газын өз елі арқылы экспорттауды ұсынды. Трамп өз кезегінде АҚШ санкция саясатын қайта қарастырып жатқанын және Венесуэланың жаңа басшылығымен өзара іс-әрекет барысын ортаға салған. Тараптар қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастықты да талқылады. Вашингтон Боготаға шекаралас аумақтардағы қарулы топтарға қарсы тұруды, қолдау көрсетуге әзір екенін білдірген.